• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

" ОН ТӨРТТЕ ЕЛ ТАНЫҒАН БОЛДЫМ БАЛДАЙ АҚЫН".

" ОН ТӨРТТЕ ЕЛ ТАНЫҒАН БОЛДЫМ БАЛДАЙ АҚЫН".

Бүгін Қ. Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасы Өлкетану залында Өлкенің ақын қызы Балдай Көшкінқызына арналған танымдық сағат өткізілді. Бес жаста сабақ көрдім әріп танып. Тоғызда үмбет болдым Құран алып, Он үште қыздың құрып салтанатын Шеріттім домбыраны тыңқылдатып. Он үште көмейіме сөз құйылды Бағымды сынап көрдім тойға барып, "Ақын" деп он төртімде ел таныды Жиында шыққаннан соң топты жарып. Он төртте ел таныған болдым Балдай. Бұлбұлдай сұңқылдаған тіл мен таңдай Ақ маңдай, алма мойын, сұлу мүсін Жайнаған екі көзім жаққан шамдай. Деп жырлап кеткен Балдай Көшкінқызы Маңғыстау топырағында туған. Жасы 18 келіп, айттырулы жеріне ұзатылып кеткенге дейін Ұсақ, Қиян, Шорым жерлерін мекен еткен ауылда өскен. Балдай бес жасында ауыл молдасынан дәріс алып ескіше діни сауаттанып, 9 жасында Құранды меңгеріп, 13 жасынан бастап өлең - сөз шығару қабілеті болған. Осы мезгілде Батыс Қазақстан аймағына атақ - даңқы жайыла бастаған Абыл Тілеуұлымен сөз қағыстырған. Абыл айтысқандарын баудай түсіріп жүрсе де, Балдай қызды жеңе алмапты. Үш жүздің талай жүйрік майталманы Жеңіліп кейін қайтты Абылдардай Абыл да жеті дүркін жерге қарап Кеткен ді қызыл тілге шыдай алмай" деп жырлап өтіпті апамыз. Қазіргі және келешек ұрпақ біздің Маңғыстау топырағында осындай аяулы да айтқыр апаларымыздың болғанын білсін деген ниетпен өткізілген іс - шараның бүгінгі қатысушылары Маңғыстау облысының аудандарының мектеп кітапханашылары. 



18-наурыз күні ақын, ғалым-зерттеуші  Қабиболла Сыдиықұлының туған күніне орай  облыстық кітапханасының өлкетану залында колледж, университет ...

Жаңалыққа өту  

ХХ ғасырдағы қазақ музыка мәдениетінің ерен құбылысы, «Бүгінгінің Мұхиты» атанған, ондаған жылдар бойы ол жалғыз өзі Батыс Қазақстанның көне де ...

Жаңалыққа өту  

Биыл ақын, ғалым-зерттеуші Қабиболла Сыдиықұлының туғанына 90 жыл. Қазақ халқы қай кезде де тілге шешен, өнерге бай халық. Кең байтақ жеріміздің әр ...

Жаңалыққа өту  

2023 жылдың соңғы күндерінде кітапханамызда қорытынды шара өткізілді. 27 желтоқсан күні - 2023 жылды қорытындылауға арналған кеш өтті. Кеш ...

Жаңалыққа өту  

14.12.2023 ж. Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық  әмбебап кітапханасының техникалық әдебиет бөлімінде Энергетикалық күніне орай "Жылу мен жарық ...

Жаңалыққа өту  

16-желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күніне орай Маңғыстау облыстық кітапхана бөлімдерінде кітап көрмелері мен сөрелері, фото-көрмелері ұйымдастырылып, ...

Жаңалыққа өту  

14-желтоқсан күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруыменен "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты патриоттық кеш өткізілді. Кеш барысында ...

Жаңалыққа өту  

7-желтоқсан күні  Қабиболла Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында өлкемізге аян азамат, ақын, журналист, күйші, қоғам ...

Жаңалыққа өту  

7 желтоқсан күні “Достық“ үйінде «Мұнаралы, жыр аралы - Маңғыстау» тақырыбында ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ...

Жаңалыққа өту  

Ағымдағы жылдың 29 қарашасында қоғамда діни радикализмге қарсы иммунитетті қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында “Дін мен дәстүр ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу